21.07.2022, 9:45
Оқылды: 123

Азаматтарға мың алғыс!

2022 жылдың екінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны аяқтала келді. «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерлері өңір тұрғындарын газетке тарту бағытында жүйелі жұмыс көрсетіп, бірқатар мекемені аралады. Үлкен-кішісі бар, барынша тұрғындарды көптеп жаздыруға тырысты. Меже толық орындалмағанымен, көрсеткіш көңіл қуантады.  

zy979qvh

Фото дереккөзі: egemen.kz

Осы бағытта газет болашағы үшін деп қол ұшын созған азаматтар да болды. Олар көбінесе әлеуметтің әлжуаз топтары мен зейнеткерлерді газетке жаздырды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «PSA» ЖШС бас директорының орынбасары Қайнулла Қасенов 500 мың теңгеге тұрғындарды газетке жаздырды. Оның 150-і – «Орал өңірі», 8-і – «Приуралье». Ал «Құрылыстық өндірісті ұйымдастыру бойынша инженеринг компаниясының» директоры Әлібек Сыдықов осы мақсатқа 200 мың теңге бөліп, көпшіліктің алғысын алды. «Анес-Сервис» ЖШС басшысы Нұрбек Мерғалиев пен «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов те жанашырлардың қатарынан табылып, біраз отбасын газетке жаздырды. Газет таралымының көбеюіне көмектесіп, демеушілік көрсеткен жандарға алғыс айтамыз! Ел жағдайына бейжай қарай алмайтын, журналистикаға жаны ашитын азаматтардың алдағы жұмысына сәттілік тілейміз! Олар биыл ғана емес, былтыр да газетке жаздыру ісіне атсалысқан болатын.

– Маған облыстық «Орал өңірі» және Тасқала аудандық «Екпін» газеті уақтылы келіп тұрады. Өңірдегі жаңалықтарды, өзгерістерді осы басылымдардан оқып, біліп отырмыз. Мақалалар сапалы, тақырыптар әрқилы. Ерінбей оқып, риза болып отырамын. Өзім Орал қаласына 2016 жылы көшіп келдім. Былтыр да газеттер үйге тегін келіп тұрды. Газет сатып аламын деп көше кезіп, дүңгіршек іздеп кетпеймін. Осындай мүмкіндік сыйлаған жандарға рақмет! – деді зейнеткер Тамара Кенжешова.

Жоғарыда аталған азаматтар жаздырған басқа да тұрғындар рақметін жаудырып, бұл қызметтің өте қолайлы екенін жеткізді.

– Уақытымның көп бөлігін газет оқумен өткіземін. «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерін алып жүрмін. Маған танымдық, тарихи мақалалар ұнайды. Олардың авторларына да ерекше құрметпен қараймын. 1998 жылдан бері Оралда тұрамын. Бізге осындай тегін қызмет ұсынған азаматтардың сәттілік қашанда серігі болып, ойлаған жоба-жоспары жүзеге аса берсін! – деді зейнеткер Меңдіхан Ахметов.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале