9.06.2022, 10:16
Оқылды: 129

Азия чемпионатына барады

28 мамыр мен 8 маусым аралығында Орал қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында 100 шаршылы дойбыдан ел чемпионаты өтті. Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу жарысы болғандықтан аталмыш бәсекеге еліміздің сегіз облысынан келген 80-нен астам дойбышы қатысты. 

дд

Өңірдің озық ойлы қыз-жігіттері осы күні халықаралық стандартқа сай келетін 100 шаршылы дойбы ойынына машықтанып жатыр. Ел біріншілігін Оралда өткізудегі басты мақсат та облыс спортшыларының шеберлігін шыңдай түсіп, әлемде тараған дойбы түріне деген қызығушылықты арттыру болыпты.

Өңірімізде 64 шаршылы дойбы мықты дамыған. Елімізде ғана емес, халықаралық аренада да 64 шаршыда ойналатын дойбыда тең келер спортшы аз. Ал 100 шаршылы дойбының ережесі өзгеше, тас саны артық. Соған қарамастан өңір спортшылары ел чемпионатында топ жарды. Ал екінші орын ақтөбеліктерге бұйырса, үшінші орынға Түркістан облысының спортшылары жайғасты.

– Ел чемпионатында үздік шығу – біз  үшін үлкен жетістік. 11 спортшымыз Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады. Қазір спортшыларға демалыс берілді. Бірнеше күннен соң Ташкент шаһарын бетке аламыз. Ол жақта да намысты қолдан бермейміз деген сенім бар, – дейді дойбыдан БҚО-ның аға жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиев.

Арал Болпышұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале