28.12.2021, 12:40
Оқылды: 48

Азиядағы алғашқы ел Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын мақұлдады

Оңтүстік Корея Азияда бірінші болып америкалық Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_91738

Оңтүстік Кореяның Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігі "Паксловид" препаратын коронавирусты емдеу үшін қолдану керек деген қорытындыға келген сарапшылар тобының отырысын өткізді.

 Бөлімшенің тұжырымдарына сәйкес, сынақтың бастапқы деректері оның ауыр аурудан зардап шегетін науқастарды ауруханаға жатқызбауға, өлім қаупін айтарлықтай төмендететінін көрсетті. "Паксловид" 12 жастан асқан науқастарды емдеу үшін қолданылады.

Паксловид - бұл Оңтүстік Кореяда COVID-19-ды жеңіл және орташа деңгейде жұқтырған науқастарды емдеуге арналған алғашқы таблеткасы. Кореялық реттеуші жүргізген сынақ нәтижелері таблеткалардың өлім қаупін 88 пайызға төмендеткенін көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале