12.04.2020, 18:32
Оқылды: 78

Азық-түлік бағасы тұрақтады

Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Тіптен, көптеген азаматтар жұмыссыз қалып, қалаға қатынасатын жолдарда жабылды. Тамақ бағасы түрлі өзгеріске түсті. Осы орайда аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановпен сөйлесіп, карантин кезіндегі олардың жұмыс барысымен таныстық.

B61FC3DA-B8FA-4B2C-9DF1-D8457BFC9D42

Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан азық-түлікке деген сұраныс бұрынғыша. Дүкен сөрелеріндегі тамақтардың бағасы едәуір төмендеді. - Ауданымызда құрылған мониторинг тобы күн сайын тексеріске шығып, дүкендерді аралап, ондағы баға тұрақтылығына баса назар аударуда. Соңғы дәйектемеге сүйенсек (9 сәуір), күріш - 303 теңге, макарон - 225 теңге, сүт (2,5 пайыз) - 220 теңге, жұмыртқа - 329 теңге, тұз - 51 теңге, секер - 230 теңге, картоп - 120 теңге, сәбіз - 120 теңге, қырыққабат - 116 теңге, шағу май - 380 теңге, пияз - 130 теңге (орташа бағамен есептегенде). Сонымен қатар тұрақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты 15 тонна бірінші сортты “Белес” астығы алынды. “Нұрбек”, “Саматком”, “Леди-Лиза” жеке кәсіпкерліктері қаладан 111 теңгеге алып, 126 теңгеден сатты (13,5 пайыз).  Дәл солай секерден 190 теңгеден 6 тонна алып, оны 220 теңгеден (15,8 пайыз) сатқан болатын. Күнбағыс майы 1780 келі бөлінді (315 келі/л). Бұл жерде кәсіпкерлердің жолы, тағамды сақтауына байланысты пайыздары есептеліп, қосылады. Нан өнімдері комбинатынан он күнде 10 тонна көлемінде жоғары сортты ұн алдырттық (Желаев). Бағасы - 150 теңге, сатылымда - 164-166 теңге (10,7 пайыз). Макарон өнімдері - 182 теңге. Облыстағы белгілі кәсіпкер Адиат Садықов 16 тонна картопты 80 теңгеден ұсынып, аудан кәсіпкерлері 90 теңгеге, 2 тонна пиязды 90 теңгеден алып, 100 теңгеге, 2 тонна сәбізді 70 теңгеден алып, 80 теңгеге сатты. Жалпақталдан “Абуов”, “Альбина” және “Гүлжайна” жеке кәсіпкерліктері де төмен бағада тұрғындарға тамақтарды ұсынуда, - деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов.

6BEC24AB-8A90-4FB9-83C0-4D5A9A3F115E

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлермен түсінік жұмыстары жүргізілгендігін де тілге тиек етті. Байқағанымыздай, ел басына қиындық туған сәтте барлық кәсіпкерлер біркісідей жұмылып, қолұшын созуда. Тіптен, алынған бағаға көп мөлшер қоспай сатуда. Казталовтан - 7, Тереңкөлден - 1, Бостандықтан - 1, Қараобадан - 1 жеке кәсіпкер қаладан азық-түлік тасып, сатылымға шығаруда. 15 сәуірге  тағы сатылымға азық-түлік әкелуді жоспарлап отыр. Әрмен қарай, осы бастаған істерін тоқтатпайды деген сенімдеміз. Барлығы 1 млн. 605 мың теңгеге азық-түлік, соның ішінде көкөністер сатыққа шығарылды. Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты. Халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін арнайы жұмыстар өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Диана Бақсық

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале