19.10.2021, 10:52
Оқылды: 87

Баға өсіміне талдау жасалмақ

Өткен апта соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы «Анвар», «Алтындар» және «Дина» секілді ірі сауда орындарында болды. Бұл сапардың басты мақсаты – дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағаларына талдау жасау және тауарды тұтынушыға жеткізуге дейінгі кедергілерді жою.

3

Сауда орындары басшыларының айтуынша,азық-түлік өнімдерін жеткізумен жеке кәсіпкерлер айналысады. Олар тауарды жергілікті көтерме базардан ҚҚС-сыз жеткізеді. Сондықтан супермаркеттер келген тамақ түрлерінің бағасына қосымша 12% құн салығын қосуға мәжбүр. Сондай-ақ импортталатын өнімдер үшін фитосанитариялық анықтама алу бағасының жоғарылығы да аталып өтілді. Бір тауардың әрбір партиясына жеке фитосанитариялық анықтама керек.

Өңір басшысы «Алтындар» супермаркетінде болған кезде,мұнда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арнайы карточкалық жүйе енгізу жоспарланып жатқандығы айтылды. Яғни белгілі бір азық-түлік өнімдеріне жеңілдік қарастырылмақ. Бұл жүйе облыстық ақпараттандыру,көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және архивтер  басқармасымен бірлесіп әзірленетін болады.

4

Облыс әкіміне Ресейден Оралға келетін кейбір азық-түлік бағаларының құны Ақтауға жеткізілетін тауар құнынан жоғары болатыны да баяндалды. Өңір басшысы осы мәселеге байланысты талдау жасап, жақын елдерден тасымалданатын тауарлардың құнын негізсіз көтермеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

5

Соған орай қаладағы ірі сауда орындары мен тауар жетізушілерінен олардың бағаны белгілеуі, тамақ өнімдерінің шығуы,сапасы, азық-түлік емес тауарлар туралы да ақпарат жинақталатын болады.

«Дина» гипермаркетінде осы сауда орталығына дейін қосымша маршрут енгізілсе деген ұсыныс айтылды. Қазір гипермаркетке тек 39-шы автобус қатынайды. Супермаркет басшыларымен әңгіме барысында облыс әкімі отандық өнімдер сауда орындарының көрнекті жерлерінде тұруы тиіс екенін ерекше атап өтті.

БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс бөлімі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале