11.04.2024, 12:17
Оқылды: 58

Баға өсуіне жол берілмейді

Қиын сәтте алыпсатарлық әрекеттерге орын жоқ. Осыған орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев сауда орындарындағы баға деңгейін бақылауды қамтамасыз етуді және кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың бағаны негізсіз өсіруіне жол бермеуді тапсырды.

продукта жп

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев журналистерге берген баспасөз мәслихатында сауда нысандарындағы бағаларға тұрақты негізде күнделікті мониторинг жүргізіліп отырғандығын айтты.

- Бүгінгі күні азық-түлік тауарлары құнының айтарлықтай өсуі, сондай-ақ сауда нүктелеріндегі бағаның негізсіз көтерілу фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ, өңірдегі сауда орындарында тауар тапшылығы жоқ, - деді Н.Өтепбаев

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале