ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазан айының соңында интернет жұмысындағы ақаулар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«29 қыркүйекте мемлекеттік техникалық қызмет ҚР инфрақұрылымына толассыз шабуылдар тіркелгенін хабарлады. Оның не үшін және қайдан келгенін зерттеп, инфрақұрылымды қорғау деңгейін арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар бойынша кейбір проблемалар туындауы мүмкін. Бірақ мемлекеттік техникалық қызметтің басты міндеті – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету», - деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бұл тек мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау үшін емес, тұтас инфрақұрылым үшін де жасалады.
«Тіпті белгілі бір медианың сайттарына шабуылдар жасалды, бұл баршаңызға аян. Мұның алдын алу үшін біз ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруіміз керек. Зерттеу жұмыстары осы деңгейді арттыруға бағытталған. Оқыс оқиға болып, кедендік бақылау күшейгенде логистикалық маршруттардың өту жылдамдығы төмендейді ғой, бұл жерде де солай», - дейді министр.
14:3014.09.2023
«Қазақстандағы интернет сапасы Токиодан жақсы»: Мусин әлі де солай ойлай ма?
11:4525.07.2023
Уәде беремін: Мусин интернет операторларына 4 млрд теңгеге айыппұл салмақ
18:3812.07.2023
Облыс әкімдігінде елді мекендердегі байланыс және интернет мәселелері талқыланды
17:1512.07.2023
Оралда «Jaiq Hub» ІТ-хабы ашылды
12.07.2023, 17:15