25.02.2022, 10:50
Оқылды: 61

Байден Ресейге қарсы санкцияларды жариялады

Украинадағы жағдай әлем елдерінің алаңдаушылығын тудыруда. Шиеленісті жағдайды шешудегі басты саяси ойыншылардың бірі Америка Құрама Штаттары екендігін ескерсек, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың қатаң болуы маңызды дейді сарапшылар.

0ad20ac902f569fead1df07137cf8bf7_resize_w_742_h_365 

Байден жариялаған санкциялар:

Орыс бизнесі доллардан және еуродан шектеледі;

Ресейдің 4 банкі бұғатталады;

Ресей билігіндегілердің қаржысы бұғатталады;

Ресейдің ғарыш кеңістігіндегі де жұмысы да санкцияға алынды;

АҚШ Ресейдің 24 жеке және заңды тұлғасына қатысты санкция енгізді.

АҚШ және одақтастары Ресейдің жоғары технологиялы өнімдерінің импортын 50% шектемек.

Сонымен қатар Байден Ресеймен қарым-қатынасын толығымен үзетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Ресей президенті Путин Украинада арнайы операция өтетінін мәлімдеген еді. Путин хабарламасынан кейін Байден міндетті түрде жауап беріп, қатаң санкция салатынын айтқан.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

– Санкциялардың толықтай әсер етуі үшін белгілі бір уақыт қажет және Владимир Путин мұның арты не болатынын өте жақсы біледі. Ресей президенті батыс елдерінің қаншалықты бірге екендігін көргісі келіп еді. Және біз, НАТО елдері, жұдырықтай жұмылып, бұрын-соңды болмаған ауызбіршілік қалыптастырдық. Сонымен қатар біз одақтас елдерге тиесілі жердің әр пұшпағын қорғаймыз.

NEGE.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале