9.12.2020, 20:16
Оқылды: 183

Байқау жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Достық үйінде «Менің өлкемнің тарихындағы отбасымның тарихы» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

IMG-20201209-WA0021

Облыстық прокуратураның тапсырысымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен байқауға 300-ден астам жас өрен қатысты. Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген айшықты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев прокуратура органдарының туған өлке, отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы жобаларға қолдау танытуы өзгелерге үлгі боларлық екендігін атап өтті.

Ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген байқау қорытындысында арнайы құрылған комиссияның шешімімен 16 жұмыс үздік деп танылған. Байқау нәтижесінде жаңақалалық Дильназ Дидарқызы – бірінші, шыңғырлаулық Ботагөз Сапиева мен бөкейордалық Ерасыл Сатыбалды – екінші, қаратөбелік Лаура Аблаева, оралдық Әділ Мұқашев және казталовтық Гүлназ Талғатова – үшінші орынды иеленді.

IMG-20201209-WA0020

Айта кету керек, бірінші орын - 300 мың, екінші орын - 200 мың, ал үшінші орын алған жеңімпаздар 100 мың теңгенің сертификаттарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ тағы 10 жүлдегерге «Sulpak» СҮ-нің арнайы сертификаттары берілді.

IMG-20201209-WA0019

IMG-20201209-WA0018

IMG-20201209-WA0017

IMG-20201209-WA0016

Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале