Басты жаңалықтар
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
1 Желтоқсан 2023
Оралда бірнеше көппәтерлі үй жылусыз қалды
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
1 Желтоқсан 2023
Оралда демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 9.00-ден 13:00-ге дейін өтеді. 2 желтоқсан М.Ықсанов көшесінде, 3 желтоқсан Зашаған кентіндегі Жәңгір хан көшесі,…
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
1 Желтоқсан 2023
Оралда құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды
Қаржы мониторингі агенттігінің БҚО-дағы департаменті Оралда сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясын жойды. Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін департамент сотқа…
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
1 Желтоқсан 2023
Жылыту маусымы: БҚО-да төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
БҚО-да жыл басталғалы бері 522 өрт оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиғалардың салдарынан 10 адам қаза тауып, тоғыз адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бұл туралы өрт қауіпсіздігін…
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
1 Желтоқсан 2023
Қазақстанда 96 жаңа мектеп ашылған
ҚР оқу-ағарту министрлігіні баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылған.  Фото: zhaikpress.kz Жалпы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері…
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды
23 Қараша 2023

Ақсайда әскерге шақырту пункті ашылды

Бәйтерек ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Бүгін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданына қарасты Қайнар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

9984D98D-87A0-475F-89DE-5D269C975542

Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Президент денсаулық саласына көп көңіл бөліп отыр. Әсіресе ауылдық жердегі халықтың саулығын жақсартуды тапсыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз осымен облыстағы екінші фельдшерлік-акушерлік пунктті ашып отырмыз. Енді ауыл тұрғындары медициналық қызмет алу үшін аудан орталығына жүгірмейді. Бұл орталықта алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған барлық жағдай жасалған. Орталық баршаңызға қызмет етсін, - деді өңір басшысы.

E479F37C-29C6-405F-977D-D52DB77E3C0A

Қайнар ауылында 800-ден астам адам бар. Бұрын ауыл тұрғындары қарапайым қан анализдерін тапсыру үшін аудан орталығына баратын еді.

– Біз осындай заманауи орталықты 30 жыл күттік. Мен өзім дәрігермін. Өмір бойына іші мұздай пунктте жұмыс істедік. Жағдай жоқ еді. Енді міне жарқыраған ғимарат пайда болды, - деді жиында сөз алған ардагер дәрігер Құрманай Жалмурзина.

D392D416-9083-4097-B322-E4DE0EACE349

Айта кетейік, БҚО-да 2025 жылға дейін дәл осындай 50 нысан салу жоспарланып отыр. Оның 12-сі биыл салынады.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале