15.07.2020, 11:44
Оқылды: 104

Бакалавриат бойынша 53 864 грант бөлінді

Бүгінгі таңда ЖОО-лар біліктілік беру үшін мамандар даярламайды. Қазіргі заманғы ЖОО-да студент нақты білім мен машық алады.

07AFA9C3-1D15-4FA3-9DDB-2D1F0BCC2F30

2018 жылдың 16 сәуірінде алғаш рет үш жылға арналған гранттардың бірдей санын бекіткен Үкімет қаулысы қабылданды. Сондықтан биыл республикалық бюджет есебінен мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс аса қатты өзгере қойған жоқ:

• Бакалавриат – 53 864 грант (51 164 грант + 2700 медициналық мамандықтарға) (былтыр 53785).

• Магистратура – 13 300 (былтыр 13 179);

• Докторантура – 2 355 (былтыр 2 315).

Талапкер «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, Ұлттық ЖОО-на – кемінде 65 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖОО-на – 50 балл жинауы тиіс.

Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскендер кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеулері қажет.

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға берілетін мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінеді, - дейді Студенттер контингентін қалыптастыру және мансап орталығының директоры Біржан Нұрғалиев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале