12.01.2022, 9:30
Оқылды: 71

Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу жолдарын атады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

201006102125544e

«Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдануда», - деп атап өтті министр. Оның атап өтуінше, Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингін қамтамасыз ететін болады.

«Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша іс-шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі іс-шаралар уақтылы қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды»,- деді Бақыт Сұлтанов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале