29.07.2022, 15:48
Оқылды: 209

Бала бір жасқа толғанша төленетін жәрдемақы 1,5 жылға ұзаруы мүмкін

Алдағы уақытта бала күтімімен айналысатын қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыны 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы алуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

акша жп 1

- Біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы әлеуметтік міндет - ұзақмерзімді шаруа. Дегенмен дәл қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын, - деді Нұрсұлу Кемел.

Оның айтуынша, қазір аталған мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланады.

- Сонымен қатар асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін жәрдемақының да маңызы зор. Бүгінде аталған жәрдемақы түрін 160 мыңнан астам адам алып отыр, - деді ол.

Айта кетейік, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері - 41 мың теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале