11.09.2023, 16:00
Оқылды: 44

Бала мектепте алдымен сапалы білім алуы керек, ал діни наным-сенімін ержете келе өзі шешеді – Аида Балаева

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді.

E338347C-5EF5-46C0-9AAD-747FE7A6E92E

«Мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз – зайырлы елміз. Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді.

Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету. Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале