5.07.2021, 23:21
Оқылды: 253

Балабақша салуға инвестиция тартылуда

Оралда жобалық қуаттылығы 200 орындық «Sabi» жеке бөбекжайы ашылды. Елорда күні мерекесі қарсаңында жұмысын бастаған бұл нысан – «Батыс Сәби» ЖШС ашқан алтыншы балабақша. Мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 бүлдіршін тәрбиеленбекші. Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында бөбекжайда барынша жағдай жасалған. Яғни ғимаратта монтессори кабинеті, тұзды шахта, бассейн, каратэ, таэквандо сынды үйірмелерге арналған залдар жабдықталған.

 5ea522b4-1b11-47bd-be72-1ac540b3cc04

– Балаларды мектепке дейінгі  ұйыммен қамтуға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының Жолдауларында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мәселені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шешуге назар аударылған. Соған орай балабақша салуға жеке инвестиция тартуға жіті көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде әр балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі жолға қойылғаны белгілі. Осы бағытта биылдың өзінде Орал қаласында мемлекеттік қаржылық қолдауды 2,2 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Бұл 5 мыңнан астам баланы мектепке дейінгі ұйыммен қамтуға және жеке кәсіпкерлерді қолдауға серпін берері сөзсіз, - деді балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков.

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале