Сараптама тобы балаға қатысты масс-медиа және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылады.
Сараптама тобының төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері уәкілетті органның, баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.
Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сараптама тобы балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарайтын сараптама тобының қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Уәкілетті органның атына жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылған азаматтың не баланың заңды өкілінің өтініші балаға қатысты кибербуллинг фактісі туралы өтінішті қарау үшін негіз болып табылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталған жағдайда уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі нұсқаманы масс-медиа және онлайн-платформалар меншік иесіне және (немесе) заңды өкіліне жібереді.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне негiзделген және уәжделген жауапты мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тілде жолдайды.
Егер балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде сәйкес жауап жолдайды.
Бұйрық 2025 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.