«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды
7 Маусым 2023

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды
6 Маусым 2023

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды

Балалар жылындағы игі бастама

Жас өскіннің жайқала да жайнап өсуі оған жасалған жағдайға байланысты. Өскелең ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасы алдыңғы буынның тәлім-тәрбиесі, білімі, нұсқаған бағыт-бағдарымен өлшенеді.  

06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны бәріне мәлім. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп балалардың дамуы үшін сала мамандарына бірнеше тапсырма жүктеді.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы жыл басынан бері балалар өнерін өркендетуге мол мүмкіндік жасап, көңіл бөліп келеді. Тәжірибелі мамандардың тынбай еңбек еткенінің нәтижесінде біршама жобаның сәтті аяқталғанын айта кету керек. Сондай айтулы ісшаралардың бірі – облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі. Өнер додасының өту деңгейіне 200-ге жуық қатысушы да, көрермен де риза болды. Әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, нақышына келтіре көркемсөз оқып, күйін күмбірлеткен ұл-қыздарды көргенде еріксіз шаттанып қаласың. Жайық өңірінің, шынымен де, таланттарға толы екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Байқау барысында балғындардың сахнаға енді төселіп келе жатқаны айқын көрінді.

Атқарылып жатқан іс-шаралар мен қолға алынған жобалардың саны аз емес. Мәселен, жақында облыстық халық шығармашылығы мен «Jas TALAP» өнер-білім орталығының бірлесуімен түсірілген «Қолғанат» киносының премьерасы өтті.

IMG-20221205-WA0095

Фильмнің көрсетіліміне қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, қазақ эстрадасының әншісі Айгүл Иманбаева мен танымал киноактер, әнші Асхат Үрпеков балаларға жылы лебіздерін білдірді. Байқағаным, бұл жоба кішкентай жұлдыздарымыздың, яғни балалардың бойына сенім ұялатып, арманын асқақтата түскендей. Қабілет-қарымын жетілдіруге талпынған, бойындағы өнерді байқап көргісі келетін балдырғандарға ерекше серпін сыйлады.

Әр балғынның бойында талант болады. Тек оны сыртқа шығарудың кілтін тауып, ұштай білу қажет. Бала – елдің ертеңі, ел тұтқасы. Өнер арқылы бойына ұлттық тәрбие сіңеді, жүрекке адами қасиеті тұрақтайды. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Осы мұраны дәріптеп, дарынды балаларды дамытуға үлес қосу – облыстық халық шығармашылығы орталығының негізгі мақсаттарының бірі.

Аққу Самиғоллина,

облыстық халық шығармашылығы орталығы мәдени-демалыс ұйымдастыру бөлімінің әдіскері  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале