10.11.2021, 10:00
Оқылды: 83

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9

«Балаларды вакцинациялау әдетте оқу орнындағы екпе пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады», - деді министр.

Осы ретте Алексей Цой облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, педагогтерді ақпараттарыуы қажеттігін айтты. Бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация мәселесі бойынша халық арасында кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері санитарлық нормаларға сәйкес екпе пункттерін дайындауы, вакцинаның бірінші топтамасы жеткізілгенге дейін тоңазытқыштарды орнатуы, вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану ережесін сақтауы, медицина қызметкерлерін дайындауы тиіс», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале