20.02.2026, 17:45
Оқылды: 92

Балмұздақ экспорты импорттан асып кетті

2025 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

_gluster_2026_2_20_acec8bcb31d3f264afd2833903ce9f55_1280x720
Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны болса, ал импорт көлемі — 12 194 тоннаға жетті.

Бұл - саланың жүйелі өзгеріп, отандық өндірушілер өнімінің халықаралық нарықта нығайып жатқанын көрсетеді.

«Шин-Лайн» компаниясының вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, бұл нәтиже ұзақ мерзімді жаңғырту және экспортты ұлғайту стратегиясының жемісі.

«2005 жылы Қазақстан тек 12 тонна балмұздақ экспорттап, импорт көлемі 12 мың тоннаны құраған еді. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Жеткізілімдер географиясы 10 елге дейін кеңейіп, экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және саланың жетілгенін көрсетеді», — деді ол.

Табыстың кілті заманауи өндірістік қуатты құруға жасалған ірі инвестициялар, озық технологиялар, сондай-ақ отандық өндірушілерге жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі деуге болады. Экспорттық түсімнің өсуі және орташа экспорттық бағаның көтерілуі баға бәсекелестігінен сапа мен бренд деңгейіне өтіп жатқанын көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале