12.12.2023, 17:00
Оқылды: 172

«Балзия» кәсіпорны «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына ие болды

Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

f2ef48f1-f248-4b41-acbf-f6c4baacaa0b_1702357024

Байқауда жыл сайын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер беріледі. Әр номинация бойынша үш жеңімпаз марапатталады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жазды.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына республика бойынша 1,3 мыңнан аса кәсіпорын қатысқан. Соның ішінде 27 финалист онлайн-дауыс беру кезеңіне өтті. Соңғы кезеңде жеңіске жеткен 9 дипломант «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының дипломдары және эмблемасымен марапатталады.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында Батыс Қазақстан облысының «Балзия» ЖШС жеңімпаздың бірі атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале