31.07.2023, 12:15
Оқылды: 65

Банк қызметкері 600 млн теңге жымқырып, букмекер кеңсесіне тігіп жіберген

Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Ұрлық фактісін бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

ЖП ақша

Қаржы мониторингі агенттігі  баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған.

Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды.

Банктің 2021-2023 жылдардағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді.

Ақшаны кассадан халаттың жеңіне орап алып шыққан.

Күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекер кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды.

Сонымен қатар оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале