11.05.2020, 15:38
Оқылды: 143

"Бәрі біртіндеп орнына келер"

IMG-20200511-WA0038

Бүгінгі Президентіміз Қ.Тоқаевтың мемлекеттік комиссия алдындағы сөзін тыңдадық. Соңғы айлар еліміздің әрбір тұрғыны үшін шыныменде оңайға соқпады. Қазіргі күнге дейін елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі де жалғасуда. Әрине бұл пандемияның халықты шаршатқаны айтпаса да түсінікті, дегенмен төтенше жағдайдың әрі қарай жалғасуы, тәртіпті сақтауымыз өзіміз үшін, отбасымыз үшін қажет деп есептеймін. "Сақтансаң сақтармын" дегендей сақтық шараларын қолдануымыз керек. Мемлекет басшысы мәлімдемеде негізгі өзекті 8 мәселеге назар аударып, атап өтті. Осы берілген тапсырмалар дер кезінде орындалып, жүзеге асса, бәрі де біртіндеп орнына келер. Ел Президенті - азаматтардың өмірі мен денсаулығы, олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы, бизнеске қолдау көрсетуді, тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы секілді маңызды пунктарді атай отырып халықпен бірге екенін көрсетті. Сондықтан облыс тұрғындарын сабырлыққа, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын.

 

Тұманбаева Салтанат

"Батыс Қазақстан облысы бойынша "Болашақ" қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты, "Nur Otan” партиясының фракция мүшесі


Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале