19.01.2021, 15:49
Оқылды: 149

«Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады?

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін cырт айдында Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен кездеседі.

хок

Ойын астана уақытымен сағат 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін биылғы турнирде бір мәрте кездесті. 2020 жылдың 21 қазанында елордада өткенде ойында «Йокерит» овертаймда 5:4 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 6-уында басымдық танытты. Турнир кестесінде 44 ойыннан кейін 51 ұпаймен 15-орында келеді. Ал «Йокерит» соңғы 10 ойында 4 рет жеңілді. Турнир кестесінде 43 ойыннан кейін 53 ұпай жинап, 12-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасынан басым түсті.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале