6.05.2021, 16:09
Оқылды: 177

Бастауыш кәсіподақ ұйымы еңбек ұжымындағы ер-азаматтарға ақшалай сертификаттар табыстады

Мамырдың маңызды мерекелері қарсаңында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен оқу орнында еңбек ететін барлық ер-азаматтарға мерекелік құттықтау арналып, ақшалай сертификаттар табысталды.

360BF1A0-5A8A-4E26-BA8D-C4584B542495

Кәсіподақ комитетінің мүшелерінен, жас мамандарынан және студент жастарынан құралған шағын топ музыкалық аспаптарын қолдарына алып, әуендете университет президенті Ақсерік Әйтімовтен бастап мекеменің шаруашылық саласындағы қызметкерлеріне дейін құттықтап, ақ тілектерін жолдады.

Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Рахимовтың жетекшілігімен Отан қорғаушылар күніне орай, сондай-ақ келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында онлайн форум ұйымдастырылды. Форум аясында ардагерлер мен еңбек ерлері мадақталып, марапаттарға ие болды.

25031582-F1E0-4AD1-9365-82ACBE7F368C

Соның ішінде интернационалист жауынгер Александр Адагужиевке және соғыста жараланған кәсіподақ ардагерлеріне онкүндік мерзімге «Ақжайық» шипажайына ақысыз жолдамалар табыс етілді. Шара соңында Дизайн кафедрасының аға оқытушысы Батыржан Мұханов, колледждердің әскери нұсқаушылары Аслан Лепесов пен Қайрат Қаналиев, мекеменің аула сыпырушысы Владимир Лисиневич БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале