17.03.2022, 14:30
Оқылды: 219

Батыс аймақтық ЖОО волейболшылары БҚАТУ-да бас қосты

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс аймақтық жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейбол турнирі басталды.

DSC08607

Жарыстың ашылу салтанатына басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі
Дәурен Мұқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Турнирге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынға салуда.

DSC08642

Волейбол ойындары ертең де жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған командалар республикалық кезеңгеө теді.

БҚАТУ медиа орталығы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале