30.11.2023, 21:45
Оқылды: 115

Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ернұр Өтегенов жеке құрамға жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен подполковник Қанат Мәлікайдарұлы Қарабалаев тағайындалды.

IMG-20231130-WA0314

Қанат Қарабалаев – Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2002 жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлер жоғары әскери училищесі, 2006 жылы Шымкент университеті, 2018 жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

IMG-20231130-WA0316

Қанат Мәлікайдарұлы бұған дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Департамент бастығы жаңа орынбасарды қызметімен құттықтап, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау бағытын ерекше атап өтіп, қызметті жетілдіру бойынша міндеттер қойды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале