13.04.2024, 16:37
Оқылды: 19

Батыс Қазақстан облысына 1000-ға жуық ұландық көмекке келді

Елімізде болған табиғи апатқа байланысты қазіргі таңда елдің батыс өңірінде ахуал мүлдем күрделі десек те артық айтқанымыз емес. Бұл орын алған апаттын аясында еліміздің он облысында төтенше жағдай жарияланып, көптеген тұрғындар эвакуациялануда. Бүгінде, батыс өңірінде орын алған ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері күні-түні бар күшін салып, алғы шепте қызмет етіп жатыр.

IMG-20240413-WA0035

Мәселен бүгінде Орал қаласына Қарағанды, Қызылорда, Шымкент қалаларынан 1000-ға жуық ұландықтар мен 40-тан астам техника көмекке келді.

IMG-20240413-WA0038

Алдағы уақытта, Батыс Қазақстан облысына арнайы келген ұландықтар елді мекендердегі тұрғын алаптары жанында қаптарды толтырып, құм төсеу жұмыстарын атқаратын болады.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале