12.06.2021, 17:45
Оқылды: 414

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Роман Скляр келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

IMG-20210612-WA0010

Сапар барысында Р. Скляр БҚО әкімі Ғали Есқалиевпен бірге ағымдағы жылдың мамыр айында жеке басқарушы компаниядан коммуналдық меншікке берілген «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ жұмысымен танысты.

IMG-20210612-WA0009

IMG-20210612-WA0008

Вице-премьер сондай-ақ Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аумағын аралап, «Болашақ Т» ЖШС үй құрылысы комбинатының жұмысын тексеріп, онда білім беру мекемелерінің құрылысына жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін шағын жинақталған мектептердің үлгілік жобасымен танысты.

IMG-20210612-WA0007

IMG-20210612-WA0003

IMG-20210612-WA0019

IMG-20210612-WA0006

Жұмыс сапары аясында үкіметтік делегация инспекциялық-тексеру кешенін жаңғырту және орнату туралы шешім қабылданған Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының учаскесіндегі «Сырым» өткізу пунктінің жұмысымен танысты. Айта кету керек, инспекциялық-тексеру кешені автомобильдердегі жүктерді сканерлеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.

IMG-20210612-WA0005

IMG-20210612-WA0004

Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр өңір халқы үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, облыс басшылығына олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале