21.04.2024, 14:00
Оқылды: 18

Батыс Қазақстан облысында 20 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы). Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Су Орал 2024

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Саяжайлардағы 3 294 үйді су басты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.

13 819 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 725 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасқан, оның ішінде 985 бала, 11 519 адам туыстарында.

4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 1 173 885 дана қапшық және 19 533 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 663 адам, 1 927 бірлік техника, 213 бірлік су сору құралы, 197 дана жүзу құралы және 5 вертолет жұмылдырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале