20.10.2020, 21:59
Оқылды: 96

Батыс Қазақстан облысында биыл 436 шақырым жол жөнделеді

Батыс Қазақстан облысында биыл 36,2 млрд. теңгеге 436,5 шақырым жол жөнделмекші, деп жазады ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.
24C6C381-75B7-48F1-A71B-3B73A1530085
Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің айтуынша, жол жөндеу бойынша барлығы 102 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде 7,1 млрд. теңгеге ұзындығы 103,7 км республикалық маңызы бар (9 жоба), 12 млрд. теңгеге 167,8 км облыстық және аудандық жолдар ретке келтірілмекші. Оған қоса 17,1 млрд. теңгеге 165 км көше-жол желісі (69 жоба) жөнделмекші. Осының ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 10 млрд., «Ауыл – ел бесігі» арқылы 4,2 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 23,4 млрд. теңге игеріліп, 335 км жол жөндеуден өтті. Т.Шәкімовтің сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 48 жоба жүзеге асырылуда. 10 млрд.теңгеге 86,6 км жол жөндеу жоспарланып, 2730 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 30 жоба (34,2 км), өңірдің сегіз ауданында 18 жоба (52,4) жүзеге асырылуда. «Облыс басшысы тарапынан жол жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтау жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар алдағы қыс кезінде жолды күтіп ұстауға дайындық ісі де пысықталуда», деді Т.Шәкімов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале