25.04.2020, 12:00
Оқылды: 156

 Батыс Қазақстан облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды

 Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

01044C7D-6180-4C7B-8230-B0D958FAA312

Коронавирустық инфекция табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Олардың 5-еуі - Батыс Қазақстан облысының, 3-еуі Түркістан, 2-еуі Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындары. 

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" және "Сырым" автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 10 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 

25.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 102 адам анықталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале