2025 жылғы 3 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - деп жазады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Сурет: сайт архивінен
- "Ақтөбе-Орал" автожолының 195-248 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-72 шақырым аралығы (Орал қаласынан Тасқала ауылына дейін);
- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 375-492 шақырым аралығы (Ақжайық ауылынан Орал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.