21.04.2020, 10:49
Оқылды: 142

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

92D90DD6-B9E5-4317-A180-9BDBF7AF007B

Коронавирус инфекциясы табылған 4 азаматтың 2-еуі Қызылорда облысының, 1-еуі  Батыс Қазақстан облысының 25, 32 және 36 жастағы тұрғындары. Олардың барлығы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар.

Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия арқылы тексеру және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, эпидемиологтар жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясы анықталған тағы бір азамат 60 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 4 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

21.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 68 адам анықталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале