18.06.2026, 13:00
Оқылды: 0

Батыс Қазақстан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Мобильді фронт-офис» жобасы өз жұмысын бастады.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 13.48.30

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық және шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау құралдарын қолжетімді ету. Осыған байланысты кеңес беру қызметі көшпелі форматта ұйымдастырылады.

Мобильді фронт-офис мамандары аудан орталықтары мен ауылдарға арнайы барып, тұрғындарға бизнесті бастау және дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау, кепілдендіру және гранттық қаржыландыру тетіктері туралы ақпарат беріледі.

Сонымен қатар, консультациялар барысында мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Aqjaiyq» және екінші деңгейлі банктердің мамандары да қатысып, бизнес субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетеді.

Көшпелі қабылдаулар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес облыстың аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде өткізіледі. Бұл кәсіпкерлерге облыс орталығына бармай-ақ қажетті ақпарат пен кеңес алуына мүмкіндік береді.

Жобаның жұмыс кестесі «Даму» қорының ресми әлеуметтік желі парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады.

Айта кетейік, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыруға және өңірдегі бизнес ортаның дамуына ықпал етуге бағытталған.

Маусым айына арналған мобильді фронт-офистің көшпелі қабылдау кестесі төменде ұсынылады.

 

2026 жылғы маусым айына Батыс Қазақстан облысы бойынша «Мобильді фронт-офис» (МФО) көшпелі қабылдау кестесі –

Аудан / елді мекен Шығу күні Жұмыс уақыты МФО орналасу орны Жауапты тұлға Байланыс телефоны
1 Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы 19 маусым 2026 ж. 11:00–15:00 Аудан әкімдігі (Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70) Утебалиева Бағдат Едигеевна, Рахманқұлова Малика Саиновна +7 (777) 859 04 87
2 Батыс Қазақстан облысы, Желаево ауылы 24 маусым 2026 ж. 09:00–13:00 Желаево ауылдық округі әкімдігі (Желаево ауылы, Бірлік көшесі, 16/1) Канатова Гүлдана Қанатовна +7 (776) 935 03 05
3 Бәйтерек ауданы, Дарьинское ауылы 26 маусым 2026 ж. 09:00–13:00 Дарьинское ауылдық округі әкімдігі (Бәйтерек ауданы, Дарьинское ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 50/1) Хисимова Назгүл Маликовна +7 (777) 377 70 07
4 Теректі ауданы, Подстепное ауылы 30 маусым 2026 ж. 09:00–13:00 Мәдениет үйі (Подстепное ауылы, Теректі ауданы, Әбілқайыр хан көшесі, 11) Канатова Гүлдана Қанатовна +7 (776) 935 03 05

Кәсіпкерлер мен тұрғындарды белгіленген күндері өз аудандарында күтеміз.

 

Бағдат Утебалиева, 

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ БҚО бойынша өңірлік филиалы

бағдарламаларды насихаттау жөніндегі бас менеджері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале