25.07.2021, 8:44
Оқылды: 204

Батыс Қазақстан облысында сайлау басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысында сайлау басталды. Облыс бойынша барлығы 93 кандидат ұсынылды, оның ішінде 40 үміткер саяси партиялардан түссе, 53-і өзін-өзі ұсынғандар. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде 18.00-ге  82 кандидат тіркелді, оның ішінде 39-ы саяси партиялармен ұсынылғандар, 43-і өзін-өзі ұсынғандар.

sailau 2021

Әртүрлі себептермен 11 кандидат алынып тасталды, оның ішінде 3-уі мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмеуіне  байланысты, 8-і сайлау жарнасы түспеуіне байланысты. Тіркеуден бас тарту жағдайы орын алған жоқ. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақытпен 18.00-ге дейін 12 кандидаттың  құжаттары тіркеуге түсті. 18.00-ден кейін сәйкесті аудандық АСК-лар 4 кандидатты тіркеу туралы шешім кабылдап, 8 кандидатты тіркеуден бас тартты.

Арнайы тексеруге 93 кандидаттың  құжаттары жолданды – барлығына  93 жауап келді, оның ішінде 90-ы құпталды. Мемлекеттік кіріс органдарына 93 кандидаттың құжаттары жолданды, 93 жауап алынды - барлығы сәйкесті.

Барлық тіркелген кандидаттар кандидат күәлігін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама  аудан әкімдерінің сайтында орналастырылды.

14 сайлау округінде  - 2 кандидаттан, 14 – 3 кандидаттан, 3 – 4 кандидаттан, 3 сайлау округінде  - 3 саяси партиядан кандидат тіркелді. 7 сайлау округінде – 2 саяси партиядан, 17 сайлау округінде  - 1 саяси партиядан, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе  аудандарының 4 ауылдық округінде  - тек өзін-өзі ұсынған кандидаттар тіркелді. 6. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезінде сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.  

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале