28.07.2026, 9:00
Оқылды: 5

Батыс Қазақстан облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орал орман шаруашылығы аумағында орын алған табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, - деп жазады 112.

Screenshot_20260728_084047

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты орман шаруашылығы қызметтері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны жұмылдырылды.

Әуеден өрт сөндіру жұмыстарына ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазавиаорманқорғау» РМК тікұшақтары тартылды.
Өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің әсерінен қиындауда. Соған қарамастан, бөлімшелер өртті толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жалғастыруда.

Screenshot_20260728_083929

Өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тоннаны құрайтын 46 рет су төгу жұмыстары орындалды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай ҚР ТЖМ бақылауында.

Суреттер видеодан скрин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале