13.03.2020, 22:54
Оқылды: 782

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтің тұрғындарға үндеуі

Құрметті батысқазақстандықтар!

Қазіргі таңда біздің облысымызда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды күнделікті бақылауда ұстап отырмыз. Облыстың барлық мемлекеттік органдары коронавирустың алдын алудың негізгі шаралары бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қымбатты жерлестер!

ҚР аумағында аталмыш инфекцияның тіркелуіне, сондай-ақ әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты, Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұсыныстарды жеткіземіз:

1. Аса қажеттілік болмаса коронавирус инфекциясы (COVID-19) тіркелген елдерге және аймақтарға бармауды;
2. Облысқа сапардан оралған тұрғындарға барған жері туралы, ол аймақта қанша уақыт болған мерзімдері жөнінде аумақтық медициналық мекемеге хабарлауды;
3. Шетелден әуе көлігі, ТЖ және автомобиль көліктері арқылы елге келгендерге міндетті түрде әлемдегі жаңа коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық уақытында барлық пункттерді көрсете отырып санитарлық (карантиндік) сауалнаманы толтыруды;
4. Жеке гигиена ережелерін сақтауды (зарарсыздандырғыш және құрамында спирті бар құралдарды немесе сабынды пайдалана отырып қолды жиі жуу);
5. Адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауға кеңес беріледі (кинотеатрлар, ойын-сауық және сауда орталықтары, спорттық және фитнес орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, мешіттер, шіркеулер, ХҚКО-лар, авто және теміржол вокзалдары және т.б.);
6. Жеке сипаттағы жаппай іс-шараларды өткізуді кейінгі уақытқа шегеру арқылы шектеу ұсынылады (үйлену тойлары, салтанатты және мерейтойлық жиындар және т.б.);
7. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның бітелуі, түшкіру, қызудың көтерілуі) пайда болған жағдайда емханаға бармай, дереу үйге жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық көмекке жүгіну;
8. Облыс аумағында қызмет атқаратын жұмыс берушілер меншік нысанына қарамастан:
8.1. Жаппай адам көп келетін және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарда (сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, діни бағытағы нысандар, коммуналдық шаруашылықтар, азық-түлік өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану орындары, ХҚКО-лар, вокзалдар, әуежайлар, қонақүйлер, денсаулық сақтау ұйымдары (соның ішінде дәріханалар), білім беру ұйымдары және т.б.) күшейтілген санитарлық-зарарсыздандыру режимін қамтасыз етілсін;
8.2. Жұмысшылар жұмыс орнында зарарсыздандырушы құралдармен, антисептиктермен, сабынмен қамтамасыз етілсін;
8.3. Қажет болған жағдайда балалармен үйде қалуға мәжбүр болған жұмысшыларға (ата-ананың біріне) икемді жұмыс кестесін немесе ақысы төленетін демалыс беру мәселесін қарастыру ұсынылады;
9. Барлық тасымалдаушыларға әрбір соңғы аялдамада қоғамдық көлік ішінде міндетті түрде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу міндеттеледі.

Сондай-ақ облыс тұрғындарының назарына алғашқы қажетті азық-түлік тауарлары бойынша жағдай бақылауда екендігін жеткіземіз.

Қазіргі таңда сауда кәсіпорындары, өндірушілер, қоймадағы қорлар және облыстың тұрақтандырма қоры бойынша азық-түлік тауарларының есебі жүргізілді.
Супермаркеттердегі, гипермаркеттердегі тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша жетіспеушілік немесе тапшылық жоқ, халық арасында дүрлігу байқалмайды.

Бағаның негізсіз көтерілуін анықтаған жағдайда 109 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуыңызды сұраймыз. Онда сіздің өтініміңіз бірінші кезекте қаралып, қажет болған жағдайда тиісті тұрақтандыру шаралары қабылданатын болады.

Облыс тұрғындарынан әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардың жетегінде кетпей, тек қана ресми мәліметтерге сенуді сұраймын!

Барлық шынайы ақпараттарды Сіздер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайты мен Faсebook-тегі парақшаларынан ала аласыздар. Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 Call-орталығына қоңырау шалуға кеңес береміз. Қоңырау тәулік бойы қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале