22.11.2021, 13:07
Оқылды: 84

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының  1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22807 тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

2021_07_30_8989

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекіт«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі              Ғ.Есқалиев

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы

«_____» _________

№ ____қаулысымен

бекітілген

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

  1. Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
  2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.
  3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

V – см2-мен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

200 000 данаға дейін – 1,3;

100 000 данаға дейін – 1,15;

50 000 данаға дейін – 1;

30 000 данаға дейін – 0,9;

20 000 данаға дейін – 0,8;

10 000 данаға дейін – 0,65;

5 000 данаға дейін – 0,5;

2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

V – см2-мен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

15 000 данаға дейін – 1,2;

10 000 данаға дейін – 1,1;

8 000 данаға дейін – 1;

5 000 данаға дейін – 0,9;

3 000 данаға дейін – 0,8;

1 000 данаға дейін – 0,7.

  1. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

айына 5 000 000 кірушіден  жоғары – 1,4.

  1. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;

Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;

V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

  1. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;

V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы

 

Қызметтердің атауы Өлшем бірлігі 2022 және алдағы жылдар (теңге)
1. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn) шаршы сантиметр 400
2. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm) шаршы сантиметр 280
3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi) символ 38
4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) минут 39 500
5. Бейнероликті әзірлеу (Btv) секунд 22 000
6. Жаңалық сипатындағы телебағдарламаны сурдоаудармамен қамтамасыз ету (Btv) минут 4017
7. Облыстық бағдарламалардың эфирлік телерадио хабарларын тарату (Btv немесе Br) минут 99
8. Телевизиялық бағдарламаны спутниктік байланыс арнасы арқылы тарату (Btv) минут 373
9. Радиобағдарламаны спутниктік байланыс арнасы арқылы тарату (Br) минут 29
10. Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br) минут 20 000
11. Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру(Br) секунд 580

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале