29.09.2017, 10:59
Оқылды: 55

Батыс Қазақстан облысының бюджеті нақтыланды

фото Рафхата Халелова (106)Сәрсенбі күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев төрағалық еткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева арнайы қатысты.

Сессияның күн тәртібінде «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы, облыс әкімінің «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсыныстары туралы мәселелер қаралды.

- Облыстық бюджетті 4,7 млрд. теңге сомасында нақтылау ұсынылады. Соның ішінде жеке табыс пен басқа да түсімдер есебінен 1,5 млрд. теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен босатылатын қаражаттар есебінен 3,2 млрд. теңге. Қаражаттарды келесі шығындарға бағыттау жоспарланып отыр. Әлеуметтік блок шығындарына және әлеуметтік сала нысандарын дамытуға 762,3 млн. теңге, 45 млн. теңге білім гранттарына, Ақжайық ауданындағы аграрлы-техникалық колледжді күрделі жөндеуден өткізуге 26 млн. теңге, Бөкей орда ауданы және

фото Рафхата Халелова (70)Орал қаласындағы қос білім нысанының құрылысын жалғастыруға 153 млн. теңге, Орал қаласындағы 10 балалар ойын алаңы және кешенінің құрылысына 353 млн. теңге, Зеленов ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын аяқтауға 94 млн. теңге, сондай-ақ Орал қаласында алты білім нысаны құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын даярлауға 9 млн. теңге, Қазталов ауданы орталығынан музыкалық мектеп құрылысын бастауға 10 млн. теңге, ауыл шаруашылығы шығындарына және қоршаған ортаны қорғауға 200 млн. теңге, облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға 758 млн. теңге, «Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бюджетік несиелерді беруге қосымша 558 млн.теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға 743,2 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 437,7 млн. теңге бағытталды, - деді күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.

«Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсыныстар туралы баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Ақласов аталмыш атаққа төрт үміткер ұсынылғанын мәлімдеді. Олар – ҰОС ардагері «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Еңбек қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен қатар «Батырлығы үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарының иегері Мұхтар Әжіғұлов, алашқа танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева, белгілі қазақ альпинисі, ҚР альпинистер құрамының капитаны, «Құрмет» орденінің иегері Мақсот Жұмаев және Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарып, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған Нұрлан Ноғаев.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдау дауысқа салынып, депутаттар бір ауыздан мақұлдады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале