27.07.2022, 18:06
Оқылды: 98

Батыс Қазақстан облысының монополистері халықтан негізсіз 495,49 млн. теңге алды

Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді талдау қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы табиғи монополиялар субъектілерінің 68 есебін қарады, оның ішінде:

- тарифтік сметаларды орындау бойынша - 56;

- инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша - 12.

280b84f8f2dc5d2e0d47b5f85111c2df_resize_w_830_h_465

Фото дереккөзі: total.kz

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес монополист субъектілер инвестициялық бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың толық кешенін бекітілген тарифтік сметаның негізінде жүзеге асыруға және уәкілетті органға есеп беруге міндетті.

Өткен 2021 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар бойынша шығын баптарын орындамауы анықталды.

- Осылайша, бұзушылықтарға жол берген 17 субъектіге қатысты ҚР Ұлттық Банкінің 495,49 млн. теңге мөлшеріндегі қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен негізсіз табыстың жалпы сомасына уақытша өтемдік тарифтер енгізілді, - деп хабарлады БҚО бойынша ТМРКД басшысының міндетін атқарушы Г.Ж.Қазбекова.

Департаменттің бұйрықтарымен 17 субъектіге 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып, уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

- Енгізілген Уақытша өтемдік Тарифтердің нәтижесінде тарифтерді төмендету жағына қайта есептеу жүргізілетін болады, - деп түсіндірді БҚО бойынша ТМРКД.

Сондай - ақ, бұзушылыққа жол берген монополист - субъектілерге қатысты Департамент өз міндеттерін орындамауына байланысты әкімшілік істерді қозғау бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале