8.12.2021, 16:30
Оқылды: 81

Батыс Қазақстанда 1500-ге жуық адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 1490 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

39

Елордада ревакциналау тәртібі түсіндірілді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сондай-ақ 2573 адам Pfizer вакцинасын қабылдады. Бұлардың 1454-і – жасөспірімдер, 82-сі – жүкті, 1037-сі – бала емізетін әйелдер. Облыста егілуге тиісті 414 389 тұрғын болса, соның 250 354-і (60,4 пайызы) вакцинаның бірінші, 233 593-і (56,4 пайызы) екінші компонентімен егілді. Орал қаласында егілуге тиісті 224 092 адамның 127 455-і бірінші компонентті қабылдады. Өңірде вакцина қоры жеткілікті, егу жұмыстары жалғасуда.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 5,6 пайызға (7 науқасқа) төмендеді. Облыста COVID-19 диагностикасы бойынша 13 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте 395 зерттеу жүргізілді. Қазіргі кезде амбулаторлық ем алып жатқан 286 адам болса, соның 76 пайызының ауруы жеңіл өтуде. 4 пайызы – орташа, 20 пайызы – симптомы жоқтар. Емханалар жанында 132 мобильді бригада күн сайын 700-ден астам шақырту бойынша барады. Облыста 610 төсектік 11 инфекциялық стационарда 122 науқас емделуде. Соның ішінде 115-і қаладағы стационарларда. Жансақтау бөлімшелерінде жатқан 9 адамның жетеуінің жағдайы ауыр. Бұлардың төртеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, үшеуі оттегі концентраторына қосылған.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале