17.02.2022, 16:30
Оқылды: 118

Батыс Қазақстанда 55 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 55 553 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

F5EF2B3F-374A-40F8-B62D-077468B7B061

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, вакцинация науқаны басталғаннан бері барлығы 270 019 адам коронавирусқа қарсы вакинаның бірінші компонентімен егілді.

Бұл – егілуге жататын тұрғындардың 65,2 пайызы.

Сондай-ақ 255 343 адам (61,6 пайызы) екінші компонентті салдырды. Pfizer вакцинасын 9 761 адам қабылдаса, соның 5 084-і – жасөспірімдер, 351-і – жүкті, 4 326-сы – сәби емізетін әйелдер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері облыс бойынша 49 398 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы кезде «сары» аймақта тұрған өңірде ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Өткен тәулікте 31 адамнан індет табылды.

Батыс Қазақстанда COVID-19 диагностикасы бойынша 14 зертхана жұмыс жасайды.

Соңғы тәулікте 1 029 зерттеу жүргізілді. Күні бүгін 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 194 науқас емделуде. Соның 21-і жансақтау бөлімшесінде жатыр. Олардың 17-сі ауыр, төртеуі аса ауыр халде.

Жыл басынан бері 31 науқас коронавирустан өмірден озды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале