9.08.2023, 11:45
Оқылды: 127

Батыс Қазақстанда 80 млрд теңгеге 617 шақырым жол жөнделеді

Батыс Қазақстан облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 80,3 млрд теңгеге 617 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ЖОЛ (2)

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде республикалық маңызы бар 150,1 шақырым жолды жөндеуге 39,2 млрд теңге, 335,8 шақырым жергілікті жолға 26,6 млрд, 83,1 шақырым ауылішілік жолдарға 7 млрд, Орал қаласы көшелеріне (47,6 шақырым) 7,5 млрд теңге жұмсалмақ.

Айдар Қазбекұлының сөзіне қарағанда, облыстық маңызы бар жолдар бойынша 13 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның үшеуі – қайтв жаңғырту, біреуі – күрделі жөндеу (Деркөл өзені арқылы өтетін көпір) қалғаны – орта жөндеу жобалары.

«Биыл құрылыс жұмыстарының қымбаттауына байланысты қайта жаңғырту жобаларын түзету қолға алынды. Атап айтқанда, Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 км, жоба құны – 6,8 млрд теңге) жолы бойынша түзету жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139 км, 18 млрд теңге), Чапаев-Жаңақала-Сайхын (130-191 км, 15,1 млрд теңге) жолы бойынша түзету жұмыстарын алдағы екі апта ішінде бітіру көзделіп отыр. Күні бүгін барлық қайта жаңғырту нысандары бойынша жөндеу жұмыстары толығымен жанданды. Өңірде Орал қаласы мен аудандарда басқа да бағыттар бойынша жолдар жөнделетін болады», - деді А.Меңеев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале