27.10.2022, 11:15
Оқылды: 42

Батыс Қазақстанда ұлы әкесін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болды.

«М.Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Соның салдарынан қария оқиға орнында көз жұмды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жеңіл және жүк көліктері түйісіп, жүргізуші мерт болғанын жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале