5.05.2026, 11:00
Оқылды: 8

Батыс Қазақстанда ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар барысы зерделенді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Ташимов Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарындағы ағымдағы эпизоотиялық жағдаймен танысты.

_gluster_2026_5_5_cb9c108b53505191ac81829983beadb3_1280x720

Қазбек Ташимов бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарын аралап, ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргізілу сапасын, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау жұмыстарын тексерді. Ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына және ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге қызметтердің дайындығына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, ветеринариялық мамандармен және шаруашылық басшыларымен кездесулер өтті. Кездесу барысында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу, сондай-ақ жергілікті жерлердегі ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысында Қазбек Ташимов бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Әсіресе, вакцинация мен диагностикалық зерттеулердің уақтылы жүргізілуін бақылауды күшейтуге, жануарларды есепке алу мен сәйкестендіру сапасын арттыруға, ветеринариялық препараттардың жеткілікті қорын қамтамасыз етуге, сондай-ақ фермерлер арасында ветеринариялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын нығайтуға айрықша назар аударылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале