3.09.2021, 9:50
Оқылды: 111

«Батыс кубогы»

Орал қаласындағы теннис кордында дәл осындай атаумен республикалық турнир өтті. Онда 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер теннистен сынға түсті. 

21bccf08-3633-4fc6-b139-46a738d807e7

Еліміздің төрт өңірінен келген командалар қатысқан жарыстың ашылу салтанатында Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев бұл турнирдің маңыздылығына тоқталды.
Ал теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервтері БЖСМ директоры Азамат Нұрмұханбетов ҚР Президенті Жолдауында айтылғандай балаларды спорт үйірмелеріне тарту бағытында қолға алынған іс-шаралар турасында айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Оралдағы теннис орталығында 160 бала жаттығып жүр. Олар осындай сайыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдайтыны анық.

Турнир барысында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінен келген және жергілікті командалар ойын тәртібіне сәйкес өзара сынға түсті. Төрт ұл және төрт қыздан құралған кіші жасөспірімдер командалары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жинаған ұпай саны бойынша ақтөбеліктер үздік деп танылды. 2-орын алаң иелеріне, яғни оралдықтарға бұйырды. Маңғыстаулықтар қола медаль иегері атанды.

 

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале