14.03.2023, 14:45
Оқылды: 88

Батыс өңірінде Наурыз тойы басталды

Бүгін жыл басы Наурыз мейрамының бастауы – Көрісу айт күні. Осыған орай облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасында «Көктем басы – Көрісу» атты мерекелік шара өтті. Ұлттық қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен театрландырылған концерт ұйымдастырылды.

c147ea1d-3ba3-4453-82a2-f088b4a0bfd1

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Көрісу күнінің маңызына тоқталып, көктемнің шуақты мерекесімен көпшілікті құттықтады.

68e16f3f-3a76-4cef-becf-fd80714d95aa

– Армысыздар, құрметті жерлестер! Баршаңызды асыға күткен амал мерекесі – Көрісу айт күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді ыстық ықыласпен, ерекше қуанышпен күткен. Дәстүрге сай қалың қыстан аман-есен шыққан халқымыз төс қағысып, қош келдіңіз айтып, береке-бірлікке шақырған, бата-тілекпен ұштасқан осындай керемет мерекемізді Ақжайық өңірі сән-салтанатымен қарсы алуда. Көрісу айт күні – ізгіліктің бастауы. Қазаны оттан, азаматы аттан түспеген қазақ елінің тарихы мен өркениеті Батыс өңірінің сан ғасырлық тарихымен бірге сайрап тұр. Баршаңызды осы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Рухымыз биік, іргеміз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деді өз құттықтауында Бақытжан Хаберұлы.

Мерекелік шараға жиналған қауым қуанышпен көрісіп, салт-дәстүріміз дәріптеліп, ән шырқалып, күй төгілді.

Суреттерді түсірген: Азамат Ұзақов

zhaikpress.kz

7274bd85-a82a-4f7c-9c0a-3250e4648cee

наурыз (5) наурыз (4) наурыз (3) наурыз (2) 7afbcd14-a07a-40e0-b2ae-35909d1f160f наурыз (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале