19.04.2021, 19:11
Оқылды: 117

«Батыс» өңірлік колбасшылығы жауынгерлері жүлдемен оралды

14-16 сәуір күндері аралығында Шымкент шаһарында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрысы бойынша Ұлттық ұланның жауынгерлері арасында өткен біріншілік мәресіне жетті

 сп 1

Спорттық шара 1995 жылы Ауған-тәжік соғысында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды. Әскери спорт түрлерінің ішіндегі ең көрнекі жекпе-жектің бірі болып саналатын қоян-қолтық ұрысын өткізудің басты мақсаты Ұлттық ұланда әскери қоян-қолтық ұрысын кеңінен насихаттау, дамыту және әскери жауынгерлердің рухын көтеру болып табылады.

Дәстүрлі түрде өткен әскери жекпе-жекке Ұлттық ұланның «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Әскери институттың және Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінің  командалары қатысты.

сп 2

3 күнге созылған сайысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге таяу үміткер қатысып, мықтыларды анықтады.

Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша І орынды Петропавл қаласының Ұлттық ұланның Әскери институттың құрамасы жеңіп алса, ІІ орынды біздің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары иеленді. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамасы ІІІ орыннан көрінді.

с п 3

Айта кету керек, жарыста жалпы командалық есепте ІІ орын алған біздің  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы үш алтынды, екі күмісті, бір қоланы иеленді.

Жеңімпаз атанып алтыннан алқа таққандардың қатарында 57 келі салмақта ефрейтор Әнуар Кәрібаев, (Ақтөбе), 62 келі салмақта сержант Жандос Утегулов (Орал), 67 келі салмақта қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов (Ақтау) болса, ІІ орын алғандар сапында 73 келі салмақта сержант Нұрсұлтан Есмурзаев (Ақтөбе), 88 келі салмақта қатардағы жауынгер Әлиғайни  Нәсіпқалиев (Ақтау) болды. Ал ІІІ орыннан көрінген 97 келі салмақта жоғары лейтенант Рүстем Әзіз (Орал) қола медальді еншіледі.

сп 4

– Қоян-қолтық ұрысы тек спорт жүзінде ғана емес, өмірде де керек нәрсе. Өйткені, өзіңді қорғау кезінде, біздің жауынгерлік өмірде де спорт ең қажет нәрсе. Өйткені, біз сотталушылармен қызмет істегендіктен, сотталушылар қарсыласқан жағдайда немесе азаматтық тұлғаларды, құқық бұзған азаматтарды ұстаған кезімізде, ең керек нәрсе осы – жекпе-жек өнері болады, - дейді Оралдағы 5517 әскери бөлімінің сержанты Жандос Утегулов.

 

Ерболат Сұлтанов, 

подполковник  

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале