24.11.2021, 17:23
Оқылды: 95

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның жарияланымдарына түсініктеме

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті мониторинг жүргізу барысында «Жайық Пресс» ЖШС-ның сайтында жарияланым табылғанын хабарлайды, онда «Батыс су арнасы» ЖШС-ның басшысы монополистің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар бойынша шығын баптарын орындамағанын анықтауға байланысты уақытша өтемдік тарифті бекіту бойынша БҚО бойынша ТМРКД - ның шешімімен келіспейтінін білдірді.

36

Белгілі болғандай, «Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес уақытша өтемдік тариф нәтижелері бойынша бекітіледі:

1) табиғи монополия субъектісінің қызметін тексеру;

2) табиғи монополия субъектісі ұсынатын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді жыл сайын талдау.

«2020 жылға бекітілген тарифтік сметаның және 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді талдау барысында «Батыс су арнасы» ЖШС - да уәкілетті орган бекіткен деңгейден 5% - дан астам шығын баптарының орындалмауы анықталды. Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларға уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы монополист негізсіз алған табысты өтеу туралы шешім қабылдады», - деп түсіндірді БҚО бойынша ТМРКД басшысы Алмас Отаров.

Сондай-ақ, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне бекітілген тарифтік сметаға және бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну құқығы берілген. Алайда, субъект бұл құқықты пайдаланған жоқ.

«Батыс су арнасы» ЖШС монополисі уақытша өтемдік тарифті енгізуге келіспейтінін білдіріп, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жүгінді. Дегенмен, осы істі қарау нәтижелері бойынша уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы бұйрықты I сатыдағы сот күшінде қалдырды", - деп атап өтті Департаментте.

Бұдан басқа, «Батыс су арнасы» ЖШС Департаменттің тарифтің шекті деңгейін бекіту туралы бұйрығына дау айту туралы сотқа талап арызбен жүгінді, алайда талап арызды беру үшін талап қою мерзімінің өтуі себебі бойынша талап арызды кері қайтарып алды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Сурет: bing.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале