20.09.2019, 5:23
Оқылды: 757

Батысқазақстандық айтыскер Бауыржан Ширмединұлы халықаралық айтыста бірінші орын алды

Қарағандыда ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс мәреге жетті. Айтулы додаға барлығы 18 ақын қатысып, бақ сынады.

Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен қарағандылық Мақсат Аханов пен астаналық Жандарбек Бұлғақов бас жүлдені (2 млн теңгеден) жеңіп алды. Батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлы мен астаналық Өміржан Көпбосынов бірінші орынға (1 млн. теңгеден) ие болды. Қызылордалық Мұхтар Ниязов бастаған бірнеше ақын екінші, сондай-ақ үшінші жүлделерді бөлісті.

Сурет ақын Бауыржан Халиолланың парақшасынан

Сурет ақын Бауыржан Халиолланың парақшасынан

Қарағандыдағы бұл айтысты жергілікті ақын Төлеген Жаманов пен батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлы бастаған болатын. Екеуі де бірыңғай 10 ұпай алып, финалға өтті. Бауыржан Ширмединұлы финалда Жандарбек Бұлғақовпен айтысты.

Бұдан бұрын да республикалық додаларда жүлде алып жүрген Бауыржан Ширмединұлы «Жайық Пресс» медиахолдингіне қарасты Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің директор-редакторы қызметін атқарады.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале